Cтара Загора қаласындағы Тракия университеті

2 мамырда университет делегациясы Тракия университеті орналасқан Стара Загора қаласына келді. Стара Загора Болгарияның орталығында орналасқан, бұл қала елдегі көлемі бойынша алтыншы орында тұр және оның тарихы үш мың жылға жуық. Осынау әдемі және замануи қалада Болгарияның ең байырғы университеттерінің бірі - Тракия университеті бар, оның тарихы 1923 жылдан бастау алады. Университет ректоратында достық жағдайда келелі әңгіме өтті.

Университет ректоры, профессор Иван Вышин облыс орталығындағы университеттің дамып, қалыптасуы туралы қысқаша айтып өтті. Тракия университеті Болгарияның жетекші мемлекеттік университеттерінің бірі, онда бакалавриат, магистратура және PhD докторантура бағдарламалары бар 6 факультет жұмыс істейді. Ресми түрде Тракия университеті бұрын болған Жоғарғы зоотехния және ветеринарлық медицин институты мен Жоғарғы медицина институты және Стара Загора, Хасково, Сливен мен Ямбол қалаларында орналасқан дербес бөлімдер, филиалдар мен колледждердің негізінде 17.07.1995 ж. құрылған. 24.06.2002ж. № 125 Жарлыққа сәйкес Тракия университет жоғары білім циклының алты саласын қамтиды: педагогикалық, әлеуметтік, экономикалық, табиғат және қоршаған орта, сондай-ақ техникалық және ауылшаруашылық ғылымдары, ветеринарлық медицина, денсаулық және спорт. Тракия университеті Болгарияның ең бірінші аккредиттелген ЖОО-ның бірі болып табылады, ол PhD докторантура бағдарламасы бойынша білім және ғылыми дәрежесіндегі толық институционалды аккредиттеу алған. Қазіргі кезде университетте 9 мың студент, магистрант және докторант білім алуда, оқытушы-профессорлық штат саны 650 адам, оның ішінде профессорлар, ғылым докторлары мен PhD докторлары бар. Университеттің халықаралық байланыстары жылдан жылға кеңейіп келеді, қазір университет Еуропалық Одақтың және басқа елдердің 150 астам ЖОО-мен ынтымақтастық жасап отыр.
Кездесуде білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды, атап айтқанда, академиялық ұтқырлық және біліктілік жоғарылату бағдарламасы бойынша, Эразмус+ бағдарламасы, бірлескен білім бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жобалары бойынша студенттермен және оқытушылармен алмасу саласында.
Тракия университетінің ректоры, профессор, ғылым докторы Иван Вышин және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры, профессор Қ.А.Бисенов екі университет арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға және ғылыми алмасу және ынтымақтастық туралы Келісімшартқа салтанатты жағдайда қолдарын қойды. Ынтымақтастық туралы Келісімшартқа қол қою рәсіміне ғылым және халықаралық қызмет жөніндегі проректор, профессор, химия ғылымдарының докторы Веселина Гаджева, академиялық жұмыстар жөніндегі проректор, профессор Георга Стефанова Михайлова, ректорат мүшелері және басқалар қатысты.
Қол қою рәсімінен кейін делегация мүшелері университеттің оқу-зертханалық базасымен танысты, ветеринарлық-медициналық факультетте және аграрлық факультетте болды. Ветеринарлық-медициналық факультет деканы, ветеринария-медицина ғылымдарының докторы Мизхи Люцканов пен аграрлық факультет деканы, доцент, PhD докторы Лимитр Панаятов өз факультеттерінің қызметі туралы әңгімелеп, заманауи жабдық түрлерімен жарақтандырылған зертханалармен таныстырды. Ветеринарлық-медициналық факультеттегі ең замануи зертхана жануарлардың компьютерлік томографиясы зертханасы екен. Аграрлық факультетте университеттегі аграрлық ғылымды дамыту тарихының музейі жұмыс істейді. Барлық аралап шыққан зертханалар замануи құралдармен, аспаптармен және жабдықтармен жарақтандырылған, оларды оқу үдерісінде білім алушылар белсенді түрде пайдаланады.

JoomShaper