Университетте ашық есік күні өтті

18 сәуір күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттіу университетінің Студенттер сарайында Қызылорда қаласының мектеп бітірушілеріне арналған АШЫҚ ЕСІК күні өтТі. Оған Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ш.Байманов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғд., профессор Қ.А.Бисенов, профессор-оқытушылар, ғалымдар, ғылым қызметкерлері және қала мектептерінің бітіруші түлектері қатысты.

Бүгінгі күні әлем ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің талабы да – осы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы осы талаптарға сай болуды көздейді.
Президенттің бес бастамасының әрқайсысы әлеуметтік саланы жүйелі жаңарту бойынша жаңа экономикалық міндеттер жүктеді. Бұл дамудың ұзақ мерзімді ұлттық бағдарламасы – 2017 жылғы конституциялық реформаның, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, экономиканы цифрландыру жөніндегі бағдарламаның заңды жалғасы. Шара осы 5 әлеуметтік бастаманың 3-бастамасына, яғни Жоғары білім алудың қол жетімділігі мен сапасын арттыру мәселелеріне арналды.
Кездесу барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов университеттің күні бүігнге дейін жеткен жетістіктері мен алдағы жоспарлары жөнінде, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ш.Байманов ақпараттық технология заманында жоғары білім беру жүйесінің маңыздылығы жөнінде баяндама оқыды.
Сонымен қатар, университет түлегі, ардагер-ұстаз, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Борис Қалназаров, ғылым магистрі, Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пәнінің сарапшы-мұғалімі Айгүл Мұхамбетқализына сөз беріліп, ойларымен бөлісті. Түлектердің ата-аналарының атынан еңбек ардагері Поштабек Мінайдарұлы, ал №264 мектеп-лицейінің «Үздік аттестатқа» үміткері Мұхтар Бекмұрза мектеп бітіруші түлектер атынан сөз алды. Соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Бүгінгі күні университет 62 бакалавриат мамандықтары, 30 магистратура мамандықтары, 9 PhD докторантура мамандықтары бойынша мамандар даярлайды. Университеттің ғылыми-педагогикалық қызметін 501 профессор-оқытушы, оның ішінде 18 ғылым докторы, 204 ғылым кандидаты, 15 PhD және 189 ғылым магистрі атқарады.

JoomShaper