Ғылым шаңырағы ұлыстың ұлы күнін атап өтті

22 Наурыз - Ұлыстың Ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, жер дүние жаңа күйге енеді. Қазақта Наурыз келсе "Жыл келді", "Жаңа жыл енді" деп бір-бірімен төс қағыстырып, дастарқаннан дәм татқызады.

Осындай Ұлыс мерекесін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті де үлкен салтанатпен атап өтті. Қызылорда қаласының орталық алаңында "Ғылым шаңырағы" атты киіз үй тігіліп, онда білім ордасының ғылым, ауылшаруашылығы және IT саласы бойынша жеткен жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Содан соң Қызылорда қаласының орталық алаңында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің өнерпаздар тобы тетарландырылған қойылым, ән-биден шашу жасап, қала тұрғындарына арналған мерекелік кешін ұйымдастырып, тамаша көңіл-күй сыйлады.

JoomShaper