«Шаттық нұрын шашқан-Наурыз!»

19 наурыз күні №1 жатақханада АЯ-17-1,3,5 оқу топтарының студенттері Наурыз мерекесін өткізді. Жылдағы дәстүрге сай жоғарғы деңгейде өтті.

Студенттердің дайындағын мерекелік бағдарламасы көптің көңілінен шықты. Олар жыл басы туралы қойылым сахналаса, әнші, бишілердің де өнері, жиналғандардың көңілін көтерді. Салтанатты шараға сонымен қатар, Қытай Халық Республикасынан келіп, дайындық курсынан өтіп жүрген студенттер де қатысты. Университет оқытушылары барша жатақхана тұрғындарын құттықтады. Ұлыстың ұлы күніне арналған негізгі мерекелік шара Ұлттық ойындармен, Наурыз көжеден дәм татумен жалғасын тапты.

JoomShaper