Академиялық ұтқырлық бағдарламасының игілігі

Наурыз айының 7-жұлдызында Филология, тарих және құқық факультеті, Шетел тілдері және аударма кафедрасының Қытай Халық Республикасы Санжы кәсіптік және техникалық колледжінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде білім алып келген  студенттерінің есеп беру кеші өтті. Кеш барысында студенттер Санжы кәсіптік колледжінде үйреніп келген тәжірибесімен бөлісті. 

Қуанышбаева Айжан мен Ораз Бердаулет кеш жүргізушілері болды. Іс-шара қытай халық биімен ашылып, Әбжекенова Бибінұр (қытайша) мен Әліш Гүлнұр(қазақша) Қытайда өткен күндерді, қызықты жағдайларды видео-ролик, слайд арқылы таныстырып өтті. Көрермендермен сұхбат болды. Ая-16-3 оқу тобының қыздары « Ай да ми» өлеңін, Нұрбол мен Беурдаулет Кытай халық операсын орындады. Сымбат пен Гүлнұр «8 және баю» атты скетч койылымын қойды. Жүргізушілер көрермендермен ойын ойнату арқылы қытай халық ақшасын таныстырып, жеңімпазды анықтап, сый-сияпат табыстады. «Кунг фу йога Джеки Чан» флешмоб биі орындалды. Сонымен қатар бұл кешті академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде біздің университетте оқып жатқан қытай студенттері тамашалады. Кеште сол студенттердің бірі қытайша және қазақша ән айтты. Қытай Халық спорт түрі – Тайжичуанды қытайдан оқып келген 16 студент орындап берді. Кеш «Достар» әнімен аяқталды.

JoomShaper