Қазақстан – ортақ еліміз

 2018 жылдың 27 ақпанында педагогикалық факультетінің «Кәсіптік оқыту», « Хореография» кафедраларының ұйымдастыруымен  1 наурыз Алғыс айту күніне арналған  «Қазақстан-ортақ еліміз» атты этномәдени орталық өкілдерімен кездесу болып өтті.

Іс шараның мақсаты- «Мәдени мұра». «Болашаққа бағдар»: рухани жаңғыру бағдарламаларын басшылыққа ала отырып, жас ұрпаққа алғыс айту күнінің мәнін, мағынасын түсіндіру, бірлікке , ынтымаққа шақыру.  Аталған кездесуге татар этномәдени бірлестігінің төрайымы – Гизатуллина  Галия  Камилевна, шешен этномәдени бірлестігінің төрағасы –Исаев Мовлади Могомедович, неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы – Шек Ирина Николаевна және университет ғалымдары мен факультет студенттері қатысты.  Жиналған көпшілік жастарға тәлім тәрбие беретін, тарихтан жаңғырған түрлі әңгімелер айтылды және студенттердің күшімен ән айтылып,  би биленді.  Кездесуге шақырылған қонақтарға факультет деканы Е.Қ.Ақтаев алғыс хаттармен марапаттап, сый сияпат көрсетті.

JoomShaper