Шыңжан Автономиялық районы партия комитеті төрағасының орынбасары Еркін Турнияздың Санжы кәсіптік-техникалық колледжіне сапары

2017 жылғы 25 қараша күні Қытай Халық Республикасы Шыңжан Автономиялық районы партия комитетінің төрағасының орынбасары Еркін Турнияз зерттеулер жүргізу үшін Санжы кәсіптік-техникалық колледжінде болды.

Еркін Турнияз және колледж директоры Фың Го Фан мен басқа да бөлім басшылары түсті металдар базасын аралап көрді. Іс-сапар кезінде лазердің гравюралық аймағында 16 қазақстандық студент – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім алушылары колледж студенттерімен техникалық тәжірибелік жұмыс жүргізіп жатқан болатын.
Қазақстандық студент Сейтасқар Таура Еркін Турниязға қытай тілінде: «Саламатсыз ба! Сізді қарсы алғанымызға қуаныштымыз»,-деп ыстық ықыласын білдірді және телефонының сыртқы қорабында 3D лазерлі технологиясымен өз атын басып шығарғанын көрсетті. Еркін Турнияз Қазақстандық студенттермен кездесу кезінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Санжы кәсіптік-техникалық колледжі арасындағы әріптестік байланыс жөніндегі ойларымен бөлісті, қытай тілін жоғары деңгейде меңгерулеріне сәттілік тіледі. Осы іс-сапар туралы материал жергілікті баспасөз бетінде жарияланды.

 

 

JoomShaper