«Digital Startup»-қа арналған жаңа мүмкіндіктер

28 мамыр күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Ресейдің «Жоғары экономикалық мектебі» ғылыми-зерттеу институтымен бірлескен вебинар өтті. Оған «Жоғары экономикалық мектебі» ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор С.М.Авдошин, т.ғ.д., профессор Е.А.Черткова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универсиетінің ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов және университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Вебинардың негізгі мақсаты - «Жоғары экономикалық мектебі» ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып, сандық экономика нарығындағы проблемаларды шешуде студенттерді біріктіру.
Жиын барысында «Жоғары экономикалық мектебі» ғылыми-зерттеу институтының профессоры, т.ғ.д., Е.А.Черткова «Жастардың сандық федерациясы» жобасының маңызы мен негізгі міндеттерін түсіндіре келе, болашақта жастарды жобаларға жұмылдырудың рөлі зор екендігін айтты. Онлайн федерация платформасымен студенттер, жоғары оқу орындары, банктер, IT-компаниялар және салалық бірлестіктер ортақ байланыс жасай алады.
Вебинар барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары «Жоғары экономикалық мектебі» ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор С.М.Авдошинге сауалдарын жолдап, жобаға қатысты ұсыныс-пікірілерін жеткізді.
Нәтижесінде студенттерді жаңа жобалар аясында біріктіру мақсатында Ресейдің «Жоғары экономикалық мектебі» ғылыми-зерттеу институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен ортақ меморандум жасауға ниетті екендіктерін жеткізді.

JoomShaper