IT технологиясын білім беру жүйесінде қолдану бойынша курс ұйымдастырылды

Мамандар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының қаржылай қолдауымен № 3 мектеп-лицейінің 29 бітіруші түлектеріне есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасында «С # бағдарламалау тілінің негіздері», «Робототехника негіздері», «Үш өлшемді модельдеу және 3 D принтинг» бойынша курс ұйымдастырылып, ағымдағы жылдың 25 мамырында сертификаттар табысталды.

Курстың масқаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жаңарту, оларды ізденімпаздыққа баулу, және роботты техника құралдарын дұрыс қолдануы мен робот техникасы жайлы жаңа мағлұматтар беру болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Білім беру саласында қолданылатын цифрлық қызмет көрсету секілді салаларды дамыту керек. ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстау керек және Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу, бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер» деп атап көрсеткен болатын.
Осы мақсатта білім беру үдерісінде С # бағдарламалау тілі-нің негіздері, Робототехника негіздері, Үш өлшемді модельдеу және 3 D принтинг курсын оқытуды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жүзеге асыруда.

JoomShaper