Астана – Отанымыздың жүрегі!

2018 жылдың 25 сәуір күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай қала мектептерінің 9-11 сыныптары оқушылар арасында «Астана – Отанымыздың жүрегі!» тақырыбында ғылыми жобалар байқауы өтті.

Ғылыми жобалар байқауын Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі М.С. Қараманова ашты, биылғы жылдың ең басты тарихи оқиғасы - Ел орда – Астанасының 20 жылдығы, осы мерейлі датаға байланысты ғылыми жобалар байқауы ұйымдастырылып отыр.
Бұл байқауға қаланың 21 мектебінен 50-ден астам 9-11 сыныптар оқушылары қатысты. Байқауда Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушылары, М.С. Қараманова, М.Н. Ансатова, С.Жусупов, А.Ж.Асанбаевалар қазылар алқа мүшелері болып ғылыми жобаларға сараптама жасады. Үздік жоба иегерлері І,ІІ,ІІІ дәрежеде дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Үздік жобаларын дайындаған №101, 187, 2 Мұрагер, 264, 197, 11, 222, 43 мектептерінің оқушылары.
Ғылыми жобалар байқауы соңында кафедра меңгерушісі М.С. Қараманова «Тарих», «Археология және этнология» мамандықтары туралы мәліметтер беріп, мектеп оқушыларын бакалавриятқа, тарих пәні мұғалімдерін магистратураға Қорқыт Ата университетін таңдап оқуға түсуге шақырды.

JoomShaper