TED форматында диалог алаңы өтті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 2018 жылдың 27 сәуір күні ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында "Білімнің салтанат құруы - ұрпақтың бәсекелестік қабілетінің кепілі" атты TED форматында диалог алаңы өтті.

Облыстық TED форматындағы диалог алаңының мақсаты- университеттің оқу-тәрбие үдерісіндегі инновациялық іс-тәжірибесімен танысу, жас ұрпақты ұлтжанды, елін –жерін сүйетін саналы азамат болуға тәрбиелеу жолындағы әріптестердің пікір алысуын ұйымдастыру болды.
Алғысөз алған Жаратылыстану факультетінің деканы С.У.Қосанов диалог алаңы жұмысының сәтті өтуіне тілектестік білдіріп, «Цифрлық технологиялар заманындағы педагог» тақырыбында өз ойын ортаға салса, биология ғылымдарының докторы, профессор С.Ж.Ибадуллаева «The levels of biological organization» тақырыбында өз ізденістерін ортаға салып, қатысушылармен, білім алушылармен ағылшын тілінде пікір бөлісті.
Шара барысында сөз алған қауымдастырылған профессор м.а., техника ғылымдарының кандидаты Қ.Қ.Дәуренбеков «Ақпараттық технологиялардың білім беру саласындағы рөлі»; қауымдастырылған профессор м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.А.Абилхаирова «Ұлттық сана: жаңғыруға ұмтылыс – жарқын болашаққа бетбұрыс» тақырыптарында толғамды ой қозғады.
Сонымен қатар осы шараға қатысқан Қызылорда обылыстық ""Рухани жаңғыру" орталығының "Тәрбие және білім" бөлімінің меңгерушісі Ә.Ж.Әбдіқалықова Елбасы мақаласындағы рухани, мәдени жобаларды насихаттау бағытындағы жұмыстар жайлы айта келіп, бағдарламада білім, ғылымға ерекше басымдық беріліп отырғандығын, тәуелсіз Қазақстан жастарының ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға болуының маңыздылығына айрықша тоқталды.
Шараға университет оқытушы-профессорлар құрамы, магистранттар, студенттермен қатар Қызылорда обылыстық "Рухани жаңғыру" орталығының өкілдері, облыс мектептерінің оқушылары қатысты. Шара соңында қатысушылар өз сауалдарына тұшымды жауап алып, диалог алаңының өткізілу барысына жоғары баға берді.

JoomShaper