Мәңгілік ел – біздің ұлы және лайықты Қазақстан

2018 жылдың 25-сәуір күні Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің 5-жатақханасында инженерлі-экологиялық факультетінің аға тәлімгері Н.А.Турлугулова және «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы М.Е.Ашимова, СИБ-16-1 п/я және ВТПО-17-1 оқу топтарының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – біздің ұлы және лайықты Қазақстан» атты тақырыпта іс-шара өткізілді.

Шараның мақсаты Егеменді еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 10-қаңтардағы Жолдауын және 5 әлеуметтік бастамасының арнайы Үндеуін талқылау.
Шарада ВТПО-17-1 оқу тобының студенті Қ.Меңдібай Елбасымыздың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты жолдауын презентация түрінде көрсетіп, Жолдаудың он міндеттерін ортаға салды. Сонымен қатар, студенттер 5 бастаманы атап шықты. СИБ-16-1 п/я оқу тобының студенттері А.Жулдызбаева мен Е.Кенжесариев өз өнерлерімен қауымды тамсандырды.
Кеш соңында студенттер «Егер мен Президент болсам?» деген тақырыпта өз ойларын ортаға салды. Жатақхана студенттері шараның тақырыбын ықыласпен қабылдады. Кеш тартымды әрі қызықты өтті.

 

JoomShaper