ХХІ ғасырдағы жастар бейнесі» атты дебат турнирі

12 сәуір 2018 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ХХІ ғасырдағы жастар бейнесі» тақырыбында дебат турнирі өтті. Облыстық турнирдің мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіруге талпынатын, өз халқының тарихы мен дәстүрлерін жетік білетін, әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауға қабілетті полимәдениетті тұлғаны дамыту болды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Осыған байланысты әрбір жас ұрпақ еліміздің патриоты болуы міндет.
Дебат өте жоғарғы деңгейде өтті. Жалпы турнир іріктеу кезеңі мен финалдық кезеңнен тұрды. Финалда «Алаштың айбынды арыстары» және «БМК» фракциялары пікір жарыстырды. Талқыланған тақырып жастар мәселелерін қамтыды. Нақтырақ айтқанда, олар Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, елдегі жастар ұйымдарының жұмыстары, латын әліпбиіне көшу сияқты бағыттар бойынша көзқарастарының қаншалықтың кең екендігін сынады. Аталмыш шарада қатысушылар ұсынылған тақырып бойынша сөз таластырып, ой жарыстырып, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан сөзмергендер танылды. Бас жүлдені «Алаштың айбынды арыстары» фракциясы жеңіп алды. Барлық қатысушылар «Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтармен, ал жеңімпаздар жүлделі дипломдармен марапатталды.

JoomShaper