«Рухани жаңғыру және заманауи қоғамдық сана» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция

2018 жылы 10 сәуірде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және Аймақтық Рухани жаңғыру орталығының ұйымдастыруымен G-global платформасында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына бір жыл толуына орай «Рухани жаңғыру және заманауи қоғамдық сана» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізілді.

Конференцияға жұмысына тарих, филология, мәдениеттану, әлеуметтану салаларының ғалымдары, магистранттар мен докторанттар, тарихи-өлкетану музейлері және ғылыми-зерттеу институттары мен орталық қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында «Рухани жаңғырудағы білім саласының жаңа көкжиегі», «Ұлы Дала өркениетіндегі латын әліпби тарихынан», «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – заман талабы», «Рухани серпілістің сәтті бастамасы», «Рухани жаңғыру” бағдарламасы - болашақ мамандарды даярлауда ұлттық табыстылық пен жаhандық басекеге қабілеттілікке бейімдеу негізі», «Сыр бойының киелі жерлері» тақырыбындағы баяндамалар тыңдалып, талқыланды.
Конференция материалдарын электронды түрде шығару жоспарланған.

JoomShaper