Замануи әлемдегі білім

2018 жылдың 27 наурызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Практикалық ағылшын тілі кафедрасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жастардың ғылыми-инновациялық шығармашылығы»тақырыбында XХ студенттік ғылыми конференциясының «Замануи әлемдегі білім: шетел тілін оқытудың өзекті мәселелері» атты секция отырысын өткізді. Секция жұмысын кафедраның аға оқытушысы, магистр Шукенова Қ.С. жүргізді.

Секция жұмысы бойынша барлығы 20 баяндама тыңдалды.Секция жұмысы барысында тақырыпқа сәйкес замануи әлемдегі білім аясында шетел тілін оқытудың өзекті мәселелерімен қатар, үштұғырлы тіл саясаты, британдық және американдық ағылшын тілінің нұсқаулары арасындағы айырмашылығы, ағылшын тіліндегі акцент пен диалекттердің ұқсастығы мен айырмашылығы, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы тұжырымдамасы, рухани жаңғыру, білім саласындағы жаңа реформа бойынша жаңартылған білім мазмұны, латын әліпбиіне көшу және терминдердің латын әрпімен берілуі т.б. мәселелер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, оқытушылар мен студенттер тарапынан баяндамашыларға тақырыптар аясында сұрақтар қойылды.
Әділқазылар қабылдаған шешімі бойынша І орын - ИС-16-1 оқу тобының студенті Сабитбек Айданаға (ғылыми жетекшісі: оқытушы, магистр Үйсінбаева Е.Б.); ІІ орын-СР-17-1 оқу тобының студенті Бауыржан Сұлуға (ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Сардарова Э.А.); ІІІ орын -ТМО-17-1 оқу тобының студенті Филатов Никитаға (ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр Жабаров Н.Ә.) берілуі үсынылды. Конференция соңында кафедра меңгерушісі С.І.Садыбекова женімпаздарды және конференцияға белсене қатысушыларды диплом және алғыс хаттарымен марапаттады.

JoomShaper