Замануи ақпараттық – коммуникативтік технологияны тиімді пайдалану

2018 жылдың 19 мен 23 ақпан  аралығында   мамандар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінің ұйымдастыруымен  Қызылорда облысының кітапханашыларына «Замануи ақпараттық – коммуникативтік технологияны тиімді пайдалану» бағдарламасы бойынша 36 сағат көлемінде біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды.

Кітапханалық-ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдалана отырып, қызмет саласындағы кәсіби біліктілікті арттыруға ықпал ету, оқушылардың ақпараттық қоғам талаптарына сай ақпараттық мәдениет деңгейін қалыптастыру бойынша кітапханашыны нәтижелі қызметке дайындау, олардың шығармашылық дамуына қолайлы жағдай жасау мақсаттарын көздеген курсқа облыс мектептерінен 21 кітапхана қызметкері қатысты.
Курс соңында 21 тыңдаушыға сертификат тапсырылды.
Курсты «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы Бекетова Гулжанат Сакитжановна жүргізді.

JoomShaper