Төртінші өнеркәсіптік революция - дамудың жаңа мүмкіндігі

ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауы мемлекеттің қуатты даумына бағдарланады, жарқын болашаққа деген сенімді нығайтады. Кітапхана руханият тірегі болғандықтан, Елбасының жолдауын оқырман қауымға насихаттап, мән-мағынасын түсіндіру негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Жолдау жарияланған күннен бастап Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-техникалық кітапханасының ұжымы өз ара құнды құжатты талқылай отырып, оны жалпы оқырман қауымға насихаттауды қолға алды. Соның бірі - №1 оқу ғимараты кітапханасында Елбасы Жолдауына арналып: «Төртінші өнеркәсіптік революция - дамудың жаңа мүмкіндігі» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі.

Өнеркәсіптік революция жағдайын дамытуға арналған Жолдауда негізгі 10 бағыт атап көрсетілген. Негізгі бөлімдердің басым бөлігінде әртүрлі салаларда заманауи технологияларды пайдалана отырып, цифрландыру арқылы экономикалық және индустриялық дамуды жүзеге асыру айқындалады. Көрмеге қатысқан «Филология, тарих және құқық» факультетінің студенттері мен оқытушылары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ E-univer білім беру порталы арқылы оқу үдерісі автоматтандырылған, робототехника бойынша робот жасап Жапония еліндегі роботтар сайысына қатысқан студент достары мен шәкірттерінің жетістіктерін мақтана жеткізді.
Жыл басында университеттің Студенттер сарайында аймақтық жастарға арналып өткізілген «HackDay» конкурсы туралы шынайы пікірлері Елбасының Жолдауда көрсетілген басты міндеттерінің жүзеге асырылуы екендігін мәлімдеді. Ағылшын тілі пәнінің оқытушылары факультетте шет ел тілдерін толыққанды меңгеруге барлық жағдайлар жасалғандығын жеткізді. Жолдауда ғылым мен инновацияға ерекше көңіл бөлінген, сондықтан болашақтың егесі жастардың қызығушылық танытуы көңілге үміт ұялатады.
Елбасының Жолдауын көпшілікке насихаттау жұмысы жалғасын табады.

JoomShaper