Елбасы Жолдауы - даму жолындағы маңызды қадам

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар құрамы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты мәлімдемесін талқылады.

Оқытушылар қауымы инвестициялық саясат жүргізу және капитал тартуға ыңғайлы орта жасау кезінде цифрландыру үдерісінің қоғамның алға жылжуы үшін пайдасы зор екендігін тілге тиек етті.
- 4-өндірістік революцияда барлық саланы цифрландыру, ақпараттандыру қамтылып отыр. Бұл бойынша университетте және облыс әкімдігінің қолдауымен көптеген жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, жақында бекітілген «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Қызылорда облысы алғаш рет «Смарт сити» концепциясы бойынша эксперименттік облыс болып тағайындалса, ол бағытта Қорқыт ата атындағы ҚМУ сол концепция дамуына өз үлесін қосуда деп айтуға болады,-деді Ақпараттық технологиялар және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру басқармасының бастығы, т.ғ.к., Қуаныш Дәуренбеков.


JoomShaper