Business Book

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Business book» тақырыбында жас оқырмандармен кездесу өтті.

Жас оқырмандар ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кездесті. Бағдарламаның «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасына арналған жиында кәсіпкерлік тақырыбында аударылған кітаптар талқыланды. Кездесуді университеттің «Business Start» Инновациялық жобаларды іске асыру орталығының жетекшісі Ж.Оразмаханов жүргізді. Сондай-ақ, жастардың басын қосқан жиында «Кітап құрттары» клубының жетекшісі Т.Мендібай да болды. «Business book» тақырыбында өткізілген кездесу еркін форматта жүргізіліп, жиналған қауым да өз пікірлерімен бөлісті. Осылайша, жас оқырмандар кәсіпкерлік тақырыбында білімдерін шыңдап, мамандардан тәжірибе алды.

                         Imdo/Images/News/1616.jpg   Imdo/Images/News/1617.jpg

JoomShaper