Қолөнер - сырлы өнер

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Кәсіптік оқыту кафедрасының кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор м.а., т.ғ.к. Ж.Ж.Смаилова, аға оқытушы, п.ғ.м. А.Ә.Әлайдарова және оқытушы, п.ғ.м. А.Т.Жүнісованың ұйымдастыруымен қолөнер көрмесі өтті.

«Сырдың өнері – таусылмас азық, жұтамас байлық» тақырыбындағы қолөнер көрмесінде кафедра білім алушыларының бұйымдары көрсетілді. Көрмеге келушілер студенттердің жұмыстарымен танысып, жақсы бағалады. Шебер студенттердің арасында қазіргі таңда кәсіби мамандықтарымен қызмет жасап жүргендері де бар. Оған қоса, университет жанындағы «Business Start» инновациялық жобаларды іске асыру орталығының көмегімен өз кәсібін ашқан студенттер де жоқ емес. Мысалы, ПО-15-1 оқу тобының білім алушысы Б.Шайхыслам.
Көрмеде әрбір ұсынылған туынды табиғи шикізаттардан, тұрмысқа қажетті мүліктер, әшекей-бұйымдар, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композиция ретінде жасалынған. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі. Көрменің мақсаты да осы, яғни білім алушылардың еңбектерін көрсете отыра, келушілер арасында салт-дәстүрді насихаттап, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға баулу.

 

 

JoomShaper