«Кitapfest-2019» фестивалі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасының ұжымы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Кitapfest-2019» фестивалін өткізді.

Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды  нұрландырады, көркейтеді. «Сен қай кітаптарды оқығаныңды айтшы, мен сенің кім екеніңді айтып берейін» деген екен Н.И.Пирогов. Адамның қандай екенін оқыған кітаптары арқылы да айтып беруге болады. Өйткені, сенің оқыған кітабың - сенің өмірлік ойларың. Осы орайда, «Оқитын ұрпақ, Мәңгілік Ел болашағы» тақырыбындағы шара, жастар арасында кітап оқуды насихаттау және Сыр елінің ақын-жазушылар мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылды. Фестивальға келушілер назарына кітаптар көрмесі  ұсынылып, Д.Сәтбайдың «Олжас Сүлейменов: әлемдік жолды таңдау» кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. Ұсынылған кітаптар қатарында «Қорқыт Баба: аңыз бен ақиқат», «Сыр сүлейлері және ұлттық дүние таным», «Сыр елі інжу- маржаны» ( 200 томдық «Сырдария кітапханасы»), «Жүктеп ал да оқы- QR-code reader», «Кітап – ғасырлар куәсі», «Кемел білім көкжиегінде» және Қазақстан Республикасы баспаларынан шыққан сериялы кітаптар топтамалары болды.
Шарада облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Н.Мыңжас және орталықтың басқа да қызметкерлері, сондай-ақ университет ұжымы білім алушылардың дайындаған өнерлерін тамашалады.

 

 

       

JoomShaper