Сабақтастық. Әділеттілік. Даму

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалысы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

«Сабақтастық. Әділеттілік. Даму» тақырыбында өткен шараға университет студенттерінен бөлек, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім алушылары да қатысты. Жастар шығармашылығын ынталандыру және бәсекеге қабілетті ету мақсатында өткен конференция 2 бөлімнен тұрды. Атап айтсақ, студенттердің ғылыми үйірмелерінің жетістіктері мен жобаларының көрме-конкурсы және конференцияның пленарлық мәжілісі. Алғашқы бөлім бойынша, барлық қатысушылар шығармашылық жұмыстарын көрсетіп қорғаса, екінші бөлімде  ғылыми-тәжірибелік мақалаларын баяндады. Шара соңы ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене араласып, 2018-2019 оқу жылы жоғары жетістікке қол жеткізген университет білім алушыларын марапаттау рәсімімен жалғасты. Осылайша, «Ең үздік факультет» номинациясында І-ші дәрежелі дипломмен Педагогикалық факультеті, ІІ-ші дәрежелі дипломмен Инженерлі-технологиялық факультеті және ІІІ-ші дәрежелі дипломмен Инженерлі-экологиялық факультеті марапатталды. Оған қоса, Биология, география және химия кафедрасы «Ең үздік кафедра» атанды. Ал, «Үздік студенттік  ғылыми үйірме» -«Тереңдетіп оқыту» үйірмесі, «Үздік инновациялық жоба» - «3D max» үйірмесі болса, «Үздік әлеуметтік идея» - «Жас тарихшы» үйірмесі болды. Сондай-ақ, «Үздік технологиялық шешім» номиациясына «Қызықты физика» үйірмесі, «Үздік бизнес-жоспар» номинациясына «Шебер қолдар» үйірмесі ие болды. Келесі «Өндірістік маңызы бар жоба» номинациясы «Химик-технолог» үйірмесіне, «Тұрақты даму мен экологияға қосқан үлес» номинациясы «Green chemistry» үйірмесіне және «Өнеркәсіптегі инновациялық экотиімді технологиялар» номинациясы «Ecolife» үйірмесіне, «Әлеуметтік және қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеулер» номинациясы «Литературный салон» үйірмесіне тиесілі болды.

   

JoomShaper