Хабарландыру!

2018 жылдың 27 сәуір күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Польша мемлекетінің Лимнологиялық Қоғамы ғалымдарының университетке іс сапары аясында «Лимнологияның қазіргі өзекті мәселелері» атты Халықаралық семинар өткізеді.

Семинар өтетін уақыты, орыны: бас оқу ғимараты, мәжіліс зал, 11:00

 

 

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!


Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2018-2019 оқу жылында Еуропа елдерінің университеттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты негізінде 1-семестр бойы оқу үшін конкурс жарияланады. Конкурсқа 2-3 курс студенттері, 2 курс магистранттары және 1-2 курс докторанттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1.  Ағылшын тілінің деңгейі «Intermediate Level» (орташа деңгейі) немесе IELTS/TOEFL тесттерін  тапсырғандығы жөнінде сертификаттың болуы;
2. Орташа балл GPA 3,3 немесе үлгерімі 85%-дан төмен емес болу керек.

Іріктеу комиссиясымен қаралатын құжаттар тізімі:

1. Ректордың атына өтініш;
2. Паспорт және жеке куәлік көшірмелері;
3. Өткен семестр/лер бойынша транскрипт көшірмесі;
4.Студент/магистрант/докторанттың оқитындығы туралы анықтамасы;
5. Қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде жазылған мотивациялық хат;
6. Шетелге шығатын студенттің анкетасы (тіркелген);
7. IELTS/TOEFL сертификатының көшірмесі (болған жағдайда).
Конкурс ағылшын тілінен жазбаша тест түрінде және әңгімелесу-интервью түрінде (ауызша тест) өткізіледі.

Құжаттар 2018 жылдың 30 сәуіріне дейін халықаралық байланыстар бөліміне өткізілу керек.
Мекен-жайы: Әйтеке би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2 қабат, 212 кабинет, байланыс телефоны: 26-17-25

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!


2018 жылғы 3 сәуірде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған «Көпсалалы аймақтық университет: даму белестері мен жаңа мүмкіндіктері»атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі

 

 

Құрметті студенттер!


Қытай Халық Республикасы Пекин қаласындағы Қытай мұнай университеті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасындағы қос диплом бағдарламасы (2+1+2) негізінде 2018-2019 оқу жылына 10 оқу гранты бөлінуіне байланысты төмендегі шарттар бойынша конкурс жарияланады.


1) 2 грант – барлығы тегін: оқу мен жатақхана тегін және ай сайын 1000 юань шәкіртақы төленеді;
2) 3 грант – оқу мен жатақхана тегін, шәкіртақы төленбейді;
3) 5 грант –оқу тегін, бірақ жатақханасына жеңілдікпен ай сайын 1200 юань төленуі тиіс, шәкіртақы төленбейді.

Осы гранттар негізінде студенттер 1 жыл қытай тілін оқиды және 2 жыл төмендегі мамандықтар бойынша білім алады:

 

Толығырақ

JoomShaper