Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

Толығырақ сайтта: http://sc.edu.gov.kz/kz/announcements/vacancy/

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының адам ресурстарын қорғау министрлігі арасындағы 2013 жылдың 19 қарашасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2019-2020 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.
Осы бағдарлама аясында Венгриянын тарапынан Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламаларға 250 грант бөлінген:
- Бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын (өнер, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар)
- 90 орындық магистратура бағдарламасы бойынша (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)
- бакалавриат және магистратураның бірлескен бағдарламасы бойынша 5-тен 6 жылға дейін (жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, архитектура, заң, ветеринарлық хирургия, ауылшаруашылық саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)
- Докторлық бағдарлама 20 орын (барлық бағытта)
Осы гранттар бойынша ақпарат төмендегі сілтемеде:
http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme
Мамандықтардың тізімін «Annex1» посмотреть здесь. осы жерден көре аласыз.
Грант келесі шығындарды қамтиды:
• тегін оқу;
• бакалавриат пен магистратура бойынша ай сайынғы стипендия - 130 евро, докторантура - 450-580 еуро;
• жатақханада тұру (немесе айына 130 евро мөлшерінде жалға берілетін тұрғын үйді төлеу);
• медициналық сақтандыру.
ЕСКЕРТУ!!! Қалған шығындар грант иегерлері тарапынан төленеді.
Өтініштер 2001 жылдың 31 тамызынан кейін туылған, «Хореография» мамандығына өтініштерді қоспағанда, өтініш берушілерден қабылданбайды.
Венгр веб-сайтында онлайн тәртібінде тіркелу мерзімі - 15 қаңтарға дейін және толық құжаттар пакетін 2019 жылдың 20 қаңтарына дейін қабылдайды.
28 ақпаннан 2019 жылдың мамыр айына дейін іріктеуді Венгриянын тарапынан өткізеді.

Толығырақ

 

 

Гранттық бағдарламаның мақсаты - әлеуметтік маңыздылығы жоғары коммерциялық тұрақты инновациялық жобаларын әзірлеу және енгізу үшін ғылым мен бизнесті жұмылдыру.
Өтінімдерді қабылдау Портал арқылы 2018 жылдың 25 қазанында басталады және 2018 жылдың 10 желтоқсаны Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады. *
Гранттық бағдарлама туралы ақпаратпен толығырақ www.fpip.kz сайтында «Инновациялық консорциумдар» бөлімінде «Инклюзивті инновациялар консорциумдары» гранттық бағдарламасының нұсқаулығынан танысуға болады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер www.fpip.kz сайтында электрондық портал арқылы ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде қабылданады. Өтінімді ағылшын тілінде толтыру міндетті, өйткені жобаларды халықаралық сарапшылар ағылшын тілінде сараптайтын болады. Өтінім берушілер Гранттық бағдарламаның нұсқаулығымен мұқият танысып шығуы және талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
Барлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қабылданбайды. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен және Жоба шеңберінде қаржыландырылмайтын қызметтер түрімен мұқият танысып шығу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасы немесе +7 7172 23 90 35, +7 708 984 27 11 байланыс телефондарына хабарласа аласыз.

Презентация КИИ

 

 

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!

2019 жылға академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттіқаражаты есебінен Еуропа жәнеАҚШ-тағы жоғары оқу орындарында біракадемиялық кезең бойыоқуға конкурс жарияланады. Конкурсқамемлекеттік білім беру гранты есебінен оқитын 1-2-3-курс студенттері, 1-курс магистранттары және 1-2-курс докторанттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1.Ағылшын тілін білу деңгейі «IntermediateLevel» (орташа деңгей) немесе IELTS/TOEFL тапсырғандығы туралы сертификат.
2.Орташа балл-GPA 3,3 және/немесе оқу үлгерімі 85%-дан төмен емес.

Конкурстық комиссия қарауына қажетті құжаттар тізімі:
1.Ректордың атына өтініш
2.Паспорт немесе төлқұжат көшірмесі
3.Өтілген семестрдің сынақ кітапшасы/транскрипткөшірмесі
4.Студенттің/магистранттың/докторанттың растау-анықтамасы
5.Мотивациялық хат
6.IELTS/TOEFL көшірмесі (болған жағдайда)

Конкурс ағылшын тілінен тестілеу түрінде (жазбаша тест) және тіл иесімен әңгімелесу-интервью түрінде жүргізіледі (ауызша тест).
Құжаттарды қабылдау 2018 жылдың 20қарашасымен 30қарашасы аралығында халықаралық байланыстар бөлімінде өтеді.

Мекенжайымыз: Қызылорда қ., Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, байланыс телефондары: 26-17-25

JoomShaper