Болашақ бағдарламасы өкілімен кездесу


2018ж. ақпан айының 21-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бас ғимаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық Стипендиясы жөнінде брифинг өтті. Брифингті «Халықаралық бағдарламалар орталығының» өкілі Нұрманов Алтай өткізіп, «Болашақ» Халықаралық Стипендиясы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқу шарттары мен жолдары туралы ақпарат берді, атап айтқанда магистратура, докторантура, резидентура және қызметкерлерга арналған ғылыми тағылымдама жайлы сөз қозғалды.
Аталмыш іс-шарада халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Т.Ы.Кеншінбай мен тәрбие жұмыстары және жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы Ж.Н.Базартай сөз сөйледі.
Кездесу соңында қатысушылар бағдарлама өкіліне өздерінің қойылған сұрақтарына жауап алып, аталған бағдарламаға қатысуға ниеттерін білдірді.

 

 

   

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және кәсіби бағдар беру бөлімінің ұйымдастыруымен ақылы негізде жекелеген пәндер бойынша тыңдаушылар қабылдап, төмендегідей қызмет түрлері ұсынылады: - орта кәсіптік-техникалық колледж бітірушілеріне Кешенді тестілеуге дайындық;
- мектеп бітірушілерге ҰБТ-ге дайындық сабақтары, төмендегідей бағыттар бойынша:
- техникалық ғылымдар бағыты бойынша: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, физика, математика;
- гуманитарлық бағыт бойынша: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, шетел тілі мен оқыту тілі, тарих, география;
- жаратылыстану бағыты бойынша: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математика, физика, биология, химия, география.
- мектеп оқушыларына пәндер бағдарламасы негізінде әдістемелік көмек көрсету (барлық сынып оқушыларына): үй тапсырмасы, өткен материалдарды қайталау.
Дәріс сабақтарды екі тілде университеттің жетекші ғалым-оқытушылары жүргізеді.
Оқу ақысы бір пәнге бір айға – 7000 теңге.
Сабақ аптасына үш мәрте жүргізіледі.
Жүргізілетін уақыты: 15.00-ден 19.00-ге дейін.
Пайдаланылатын аудитория фонды №1; №2; №6; №9 оқу ғимараттарында жүргізіледі.


***************

Қосымша білім беру негізінде талантты оқушыларды бейімдеп, ЖОО-на түсу мүмкіндіктерін арттыру мақсатында даярлық курстарына тыңдаушылар шақырып, келесідей қызмет түрлерін ұсынамыз:
- Назарбаев зияткерлік мектебі және Білім инновациялық лицейіне қабылдау емтихандарына дайындық;
- Жәутіков атындағы физика-математика мектебіне түсу емтихандарына дайындық (физика-математика бағыты бойынша);
- медицина, фармацевтикалық өндіріс технологиясы, биотехнология, ветеринария, агрохимия, балық шаруашылығы, агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандықтарына дайындық (химия-биология бағыты бойынша, барлығы 22 мамандық);
- университет бітіруші түлектеріне магистратураға түсуге ағылшын тілінен дайындық;
- білім алушыларға (студенттер мен мектеп оқушыларына) тілдік курстар: ағылшын тілі, қытай тілі, араб тілі, орыс тілі және қазақ тілі (тіл үйренемін деушілерге, үйреніп жатқан тілін жетілдірушілерге);
- мектеп оқушыларын жекелеген пәндерден пәндік олимпиадаға дайындау (барлық пәндер бойынша);
- мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына тақырып таңдап, жетекшілік жасау (барлық пәндер бойынша);
- жекелеген пәндерден пәндік-тақырыптық педагогикалық тренинг-семинарлар ұйымдастыру (пәнге тарту мақсатында).
Дәріс сабақтарды екі тілде университеттің жетекші ғалым-оқытушылары жүргізеді.
Оқу ақысы бір айға – 10 000 теңге.
Сабақ аптасына үш мәрте жүргізіледі.
Жүргізілетін уақыты: 15.00-ден 19.00-ге дейін.
Пайдаланылатын аудитория фонды №1; №2; №6; №9 оқу ғимараттарында жүргізіледі.


***************

Жекелеген пәндер бойынша ҰБТ-ден өзін-өзі сынама (тестін) жұмысын ұйымдастыру (1 сынама тест – 500 теңге).
Оқу ақысын төмендегі реквизиттер бойынша университет есеп-шотына тыңдаушының аты-жөнін жазып, «Дайындық курсы үшін» деп аудару қажет. «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» Шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда қаласы, Индекс 120014, Айтеке би көшесі 29 а
РНН 331000037638
БИН 960540000620
АО Казкоммерцбанк
БИК KZKO KZ KX
КБЕ 16
ИИКKZ16926070118Z357007
ОКПО 38858978
ОКУД 80300
8 (7242) 262714 факс
Қосымша ақпараттарды мына мекен-жай бойынша алуға болады: Жақаев көшесі 67, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ң №2 оқу ғимараты, «Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық және кәсіби бағдар беру» бөлімі, 3 қабат, №305 бөлме.
Байланыс телефондары: 26-46-27; 8-771-421-91-71; 8-702-233-13-33; 8-747-419-83-94
Ескерту: Оқу кезеңінің басталуы топқа білім алушылардың жинақталуына байланысты.

Дайындық курсы - толығырақ

 

 

  

ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

2018 жылдың 19-20 сәуірінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында 5В090500-«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша Х Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізіледі. Олимпиада студенттермен оқу және оқудан тыс жұмысты жетілдіруге бағытталған және мамандарды даярлау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойында оқу қызметі мен болашақ мамандығына қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізіледі. Олимпиадаға қатысуға олимпиаданың университетішілік айналымдарының жеңімпаздары болып табылатын, ЖОО студенттері шақырылады. Қатысушылардың келуі – 2018 жыл 18 сәуір. Олимпиадаға қатысу үшін 2018 жылдың 2 наурызына дейін Олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне электрондық нұсқадағы өтінімді мына мекен-жайға жіберу міндетті: e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 5В090500-«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша өткізілетін республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ЕРЕЖЕСІ Қызылорда, 2018 - толығырақ

Ақпараттық хат - толығырақ

 

 

  

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Педагогика ғылымдары магистранттарының назарына.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің пәндік олимпиадаларды өткізу кестесіне сәйкес 2018 жылдың 11-12 сәуірінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетінде ЖОО студенттерінің 5В011200-«Химия» мамандығы бойынша Х Республикалық пәндік олимпиадасы өткізіледі. ЖОО-ы олимпиадаға 3 адамнан тұратын бір команда жібере алады. Командаға сол ЖОО-ның штаттағы оқытушысы жетекшілік етеді.

Олимпиада екі тур бойынша өтеді - толығырақ

 

JoomShaper