Құрметті әріптестер!

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының 20-жылдығына байланысты арналған «Ақмешіт хабаршысы» ғылыми журналы баспаға ғылыми-әдістемелік мақалаларды қабылдайтынын хабарлайды. Журнал ҚР Ақпарат және байланыс Агенттігінде №10242-Ж куәлігімен тіркелген.
Журналда ғылыми және әдістемелік материалдар келесі бағытта жарияланады:
1. Кәсіби білім педагогикасы
2. Құқықтану
3. Экономикалық ғылымдар
4. Бейнелеу өнері, дизайн
5. Гуманитарлық ғылымдар
6. Жаратылыстану ғылымдар
7. Техникалық ғылымдар
8. Ауылшаруашылық ғылымдар
9. Тарих және қоғамдық пәндер
Журнал редакциясы ғалымдар және ЖОО оқытушыларын, колледж оқытушыларын және де жас зерттеушілер мен студенттерді зерттеу нәтижелерін баспаға шығаруға шақырады.

АВТОРЛАР ҮШІН ЕРЕЖЕЛЕР

1. Мақала көлемі 4 беттен 6 бетке дейін. Баспа - MS- Word.
2. Кесте, схема және суреттер атауы көрсетілу керек.
3. Жиектер:жоғары -2см, төмен – 2 см, оң -2см, сол- 2см.
4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль- 12.
5. Аралық 1.
6. Бірінші бетте УДК міндетті түрде көрсетілу керек (сол жағы бойынша түзетіледі).
7. Абзац: 1 см.
8. Келесі қатардан бастап (түзетілу ортасы бойынша) – мақала атауы ()
9. Үшінші қатарда – авторлардың тегі, аты, жөні
10. Мекеменің немесе ұйымның толық атауы
11. Бір интервалдан соң мақала мәтіні жүреді
12. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. Мақала соңындағы талаптарға сәйкес теріледі. Сілтемелер квадрат жақшада беріледі. [1,с.348].
Мәтін соңында бір қатардан соң аннотация, негізгі сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келтіріледі.
Аннотация 4-5 сөйлеммен артық болмау керек (Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль - 11), негізгі сөздер 4-5 сөз.
13. Мақала мына электронды почта арқылы қабылданады: E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
14. Мақаланың шығуы тегін.

Журнал мекен-жайы: 120016, Кызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі 43, телефон/факс: 8(7242)24-60-47. E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

Қарағанды қаласында "Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

Толығырақ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылдың 1-2 қарашасы күндері филология ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрлыбек Жүнісовтің 90 жылдығына арналған «Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
• Қазіргі қазақ жазуы мәселелері
• Қазақ тілін және тілдерді оқыту мәселелері
• Қазақ әдебиеті мен журналистикадағы көкейтестілік
• Қазақ әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Конференция форматтары мен баяндамалар ұзақтығы
Пленарлық мәжіліс: әр баяндамашыға 15 мин.
Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1. Баяндаманың көлемі 10 беттен (А 4 форматы) аспауы тиіс. Беттер номірленбейді.
2. Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см.
3. Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12.
4. Қатараралық интервал - бірлік.
5. Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына автордың аты-жөні, тегі, жұмыс орны, адресі және электронды поштасы көрсетіледі.
6. Әдебиеттер тізімі баяндаманың соңына беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған әдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.].
7. Тақырыпқа сай келмейтін баяндамалар жинаққа қабылданбайды.
8. Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Орыс, ағылшын тіліндегі баяндамаларға қазақ тілінде түйіндеме жасалуы керек.
9. Конференция жұмысына қатысушыларға сертификат беріледі.

Тіркелу үлгісі

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 2018 жылы 26 қазанда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Рухани жаңғыру: Мұстафа Шоқай мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Толығырақ

JoomShaper