«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын орындау бойынша жоо-на, өндіріске, бизнеске көмек көрсету мақсатында ҚР жоғары оқу орындары Ассоциациясы жанынан Инновациялық экожүйелер орталығы құрылды. Орталықтың қызметі бизнес, білім және ғылым саласындағы инновациялық экожүйені қалыптастыру және оның қызмет нәтижелерін Қазақстан Республикасы экономикасына енгізу үшін жоо ғалымдарының, ғылыми ұйымдардың, заңды және жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

ҚОСЫМША

 

 

1.Жеке күәліктің көшірмесі;
2.Салық төлеуші куәлігінің (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) көшірмесі;
3.Қазақстан халық банкі карточкасының көшірмесі;
4.Қазақстан халық банкісімен 20-сандық шот туралы келісім шарттың көшірмесі;
5.Қазақстан халық банкі карточкасы болмаған жағдайда, осы банктен есеп шот ашу қажет;
6. Мемлекеттік ғылыми стипендияны (сыйлықты) Қазақстан халық банкісіндегі карточкалық немесе есеп шотына аудару туралы арызы (үлгі)
Көрсетілген құжаттардың сканерленген көшірмелерін электрондық пошта арқылыbakhmetov(at)edu.gov[dot]kz адреске жіберу қажет.
Қағаз жүзіндегі құжаттардың көшірмелерін және арызды пошта арқылы жолдау қажет: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 606 бөлме.
Анықтама алу үшін телефондар: 74-24-62, 74-19-17, 74-19-04, 74-24-71

 

  

Құрметті әріптестер!

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының 20-жылдығына байланысты арналған «Ақмешіт хабаршысы» ғылыми журналы баспаға ғылыми-әдістемелік мақалаларды қабылдайтынын хабарлайды. Журнал ҚР Ақпарат және байланыс Агенттігінде №10242-Ж куәлігімен тіркелген.
Журналда ғылыми және әдістемелік материалдар келесі бағытта жарияланады:
1. Кәсіби білім педагогикасы
2. Құқықтану
3. Экономикалық ғылымдар
4. Бейнелеу өнері, дизайн
5. Гуманитарлық ғылымдар
6. Жаратылыстану ғылымдар
7. Техникалық ғылымдар
8. Ауылшаруашылық ғылымдар
9. Тарих және қоғамдық пәндер
Журнал редакциясы ғалымдар және ЖОО оқытушыларын, колледж оқытушыларын және де жас зерттеушілер мен студенттерді зерттеу нәтижелерін баспаға шығаруға шақырады.

АВТОРЛАР ҮШІН ЕРЕЖЕЛЕР

1. Мақала көлемі 4 беттен 6 бетке дейін. Баспа - MS- Word.
2. Кесте, схема және суреттер атауы көрсетілу керек.
3. Жиектер:жоғары -2см, төмен – 2 см, оң -2см, сол- 2см.
4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль- 12.
5. Аралық 1.
6. Бірінші бетте УДК міндетті түрде көрсетілу керек (сол жағы бойынша түзетіледі).
7. Абзац: 1 см.
8. Келесі қатардан бастап (түзетілу ортасы бойынша) – мақала атауы ()
9. Үшінші қатарда – авторлардың тегі, аты, жөні
10. Мекеменің немесе ұйымның толық атауы
11. Бір интервалдан соң мақала мәтіні жүреді
12. Пайдаланған әдебиеттер тізімі. Мақала соңындағы талаптарға сәйкес теріледі. Сілтемелер квадрат жақшада беріледі. [1,с.348].
Мәтін соңында бір қатардан соң аннотация, негізгі сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келтіріледі.
Аннотация 4-5 сөйлеммен артық болмау керек (Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль - 11), негізгі сөздер 4-5 сөз.
13. Мақала электронды тасымалдауында қабылданады.
14. Мақала бағасы 1800 тг (түбіртек көшірмесі қажет)

Журнал мекен-жайы: 120016, Кызылорда қаласы, Г.Мүратбаев көшесі 43, телефон/факс: 8(7242)24-60-47. E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылдың жыл сайынғы ғылым саласындағы сыйлығына ізденіс конкурсын жариялайды.
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеуі үшін Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі мен жұмысы үшiн Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
– түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлық;
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлық;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы бір сыйлық;
– 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны оның ішінде 50-і талантты жас ғалымдарға арналған.
Конкурстардың шарттарын www.scedu.kz/about/memlekettik-siiliktar-men-stipendiyalar сайтының «Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар» бөлімінен алуға болады. Конкурстардың материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газетте хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күн аралығында тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында (бұрынғы ХҚКО)(http://gov4c.kz сайтында мекен-жайлар көрсетілген) қабылданады.

JoomShaper