5В011600 – География мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен бірге Республикалық студенттердің

пәндік олимпиадасы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

5В011600 – География  мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиада

18-19 сәуір 2019 жыл

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 2019 жыл 18–19 сәуір аралығында  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының 5В011600 – География (білім) мамандығы бойынша студенттері арасында студенттердің пәндік олимпиадасын өткізеді.

Олимпиада мақсаты: білікті мамандарды дайындау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар студенттердің оқу үдерісіне және болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Өтетін орны: Қызылорда  қаласы, Аманкелді 66, №9 оқу ғимараты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,  Жаратылыстану факультеті

Жұмыс тілдері: қазақша және орысша.

Олимпиадаға қатысу үшін құрамына  II-IV курс студенттерінен саны 2 студенттен  құралған топ,   2019 жылдың 26 наурызға дейін олимпиадаға қатысу туралы өтініш жіберулері қажет (Қосымша 1). 2019 жылдың 26 наурызынан кеш түскен өтініштер қаралмайды. 

Олимпиаданы ұйымдастырушы комитетке ұсынылатын құжаттар  реті:

  1. Топ атауы;
  2. Топ жіберілген ЖОО-ны, факультеті;
  3. Команда құрамы анкетасы (ТАӘ, курсы, білім алу тілі);
  4. Топқа жауапты ЖОО-ны өкілінің аты-жөні (қаланың коды көрсетілген телефонының нөмірі, ұялы байланыс телефонының нөмірі, e-mail-ы).

Ережесі

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ !

 

          ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 16-қаңтар 2019 жылғы № 14-5/44 хатын басшылыққа ала отырып, Қорқыт Атаатындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 2019 жылдың 15-16 сәуірінде 5В073100-«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы студенттерінің арасында XI Республикалық жоғары оқу орындары арасындағы пән олимпиадасының II кезеңін өткізеді.

          Олимпиада келесі пәндер бойынша өтеді: 

Мамандық атауы

Пән атауы

5В073100 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»

Өміртіршілік қауіпсіздігі негіздері

Өрт қауіпсіздігі

Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Республикалық пәндік олимпиада екі турдан тұрады:

1. Тестілеу (жоғарыда көрсетілген пәндерден);

2. Теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын жазбаша түрдегі тапсырманы орындау.

Олимпиаданың бағдарламасы мен өткізу тәртібі және соған қатысты барлық іс-шаралардың уақыты мен өтетін орындары келген уақытта ұсынылады және Қорқыт Атаатындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің сайтында www.korkyt.kz жарияланады.

Пәндік олимпиадаға әр ЖОО-нан 3 (үш) студентке дейін қатыса алады. Студенттер өздерімен бірге жеке куәлігін және студенттік билетін алып келуі тиіс. Оқу орындарынан келетін командаларды жетекші-оқытушы алып жүруі қажет.

Олимпиаданың II кезеңіне қатысатын студенттерді ұсыну үшін, оқу орны  Қорқыт Атаатындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне келесі құжаттарды жіберуі тиіс:

  • олимпиаданың бірінші кезеңінің нәтижелері көрсетілген және II кезеңге қатысуға ректордың (проректордың) қолымен бекітілген ұсыныс хаты;         
  • Республикалық  XI пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысу туралы сұраным (әр қатысушыға бөлек толтырылады).

Қорқыт Атаатындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Республикалық  XI  пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысушыларды қажет болған жағдайда жатақханамен қамтамасыз етеді (№5 университет жатақханасы).

Республикалық XI пәндік олимпиаданың II кезеңіне қатысу үшін қажетті құжаттарды 2019 жылдың 5 сәуіріне дейін келесі электронды адреске жіберу қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қатысушылар мен олардың жетекшілерінің іс-сапар шығындары, жіберуші ЖОО-ның есебінен төленеді.

 

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Business-START» инновациалық жобаларды жүзеге асыру орталығы университет білім алушылары арасында «First Step» атты бизнес жобалар сайысын өткізеді.
Сайыстың мақсаты – жастарды кәсіпкерлікке қызықтыру, бизнес-санасын дамыту, бизнес-инкубатор орталығына жаңа резиденттерді дайындау.
Жоба 2 кезеңнен тұрады:
1-кезең: Факультет аралық (25-28 ақпан 2019 жыл)
2-кезең: Финал (1 наурыз 2019 жыл)
Байқау туралы ақпараттар мен тренинг 20 ақпан 2019 жылы, сағат 17:00 Студенттер сарайында өткізіледі.
Қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталады.
Сайыс жеңімпаздары ақшалай жүлдемен марапатталады.
1 орын : 50 000 теңге
2 орын : 30 000 теңге
3 орын : 20 000 теңге
Қосымша ақпарат алу үшін:
Whatsapp & телефон: 8 702 922 4458
Instagram: @orazmakhanov
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қосымша жүктеме

 

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті ағымдағы жылғы 15 ақпан сағат 14.30-да өтетін «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2018 жылғы негізгі қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері туралы» тақырыбында өтетін жоғары оқу орындары басшыларының секциялық жиналысының өтуін Facebook-тегі Білім және ғылым министрлігінің аккаунты арқылы көруге болатындығын хабарлаймыз. Сонымен қатар MONRK паролімен https://pigeonhole.at/ сілтемесі арқылы интерактивті түрде комментарийлер мен сауалдарды жолдауға болады.

 

JoomShaper