ХАБАРЛАНДЫРУ 

2019 жылдың 16-18 сәуір аралығында университетте бакалавриат, магистратура және докторантураның 19 білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу аясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз Агенттігінің сыртқы сараптау комиссиясы жұмыс жасайды.

 

 

 

 

Конкурсқа мемлекеттік білім беру гранты есебінен, сонымен қатар ақылы негізде оқитын 1-2-3-курс бакалавриат студенттері қатыса алады.

Конкурстық комиссия қарауына қажетті құжаттар тізімі:

1. Шетелдік паспорттың түрлі-түсті көшірмесі.
2. №082/у медициналық анықтамасы.
3. Білім алушының ағымды сабақ үлгерімі жөніндегі транскрипт.
4. IELTS сертификаты 5 балдан төмен емес немесе оның TOEFL баламасы.

Жоғарыда аталған құжаттардың біреуі болмаған жағдайда, университет үміткерге толығымен тапсыру үшін құжаттарды қайтаруға міндетті.

Үміткерлерді іріктеу кезінде бірдей балл жинағандардың ішінде жетім студенттерге, мүгедек студенттерге, көп балалалы отбасылардан шыққан студенттерге артықшылықтар беріледі (тиісті құжаттарды тапсырған жағдайда).

Құжаттарды 2019 жылғы 29 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына жеткізу керек, Нұр-Сұлтан қ-сы.

Құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 11 сәуір мен 25 сәуір аралығында халықаралық байланыстар бөлімінде өтеді.
Мекенжайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, байланыс телефоны: 26-17-25

 

«ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕС САУДАСЫ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР»

PhD докторы Кирилл Точков – АҚШ-тағы Техас университеті экономика кафедрасының меңгерушісі. Болгария Республикасының тумасы қытай тілін және экономиканы Германияның Гейдельберг қаласындағы Рупрехт Карл университетінде және Қытайдағы Пекин шетел зерттеулері университетінде оқыды. Ph.D. дәрежесін 2005 жылы Нью-Йорктың Бингемтон университетінде алды.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ПРОФЕССОР ТОЧКОВТЫҢ ДӘРІСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ
КҮНІ: 6 СӘУІР 2019 ЖЫЛ
УАҚЫТЫ: 11:30
ОРНЫ: ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚМУ БАС ҒИМАРАТЫНЫҢ МӘЖІЛІС ЗАЛЫ
ДӘРІС ОРЫС ТІЛІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР БӨЛІМІ, ТЕЛ.: 26-17-25

 

 

 

Жоғары оқу орнына түсуші талапкерлер назарына!

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жоғары білім бағыттары бойынша талапкерлерден ұлттық бірыңғай тестілеуден өту үшін құжаттар қабылдайды.
Жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімдерінің өзгеруіне байланысты мемлекеттік білім беру гранты негізінде немесе ақылы негізде оқуға түсем деген орта білім беру ұйымдарының өткен жылдардағы бітірушілері мен техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ағымдағы және өткен жылдардағы бітірушілерден ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау тек үстіміздегі жылдың 10 наурызы мен 10 мамыры аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз.

Кабылдау комиссиясының мекен-жайы: 120014, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 66. Тел. 23-53-92
Маршруттар: №6, №5, №8, №9, №10, №11, №12, №13, №17, №18, №20, №21, №22, №31
Аялдама: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың 5-ші оқу ғимараты.

JoomShaper