Академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға құжаттарды қабылдау басталды

 

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!

2019 жылға академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттіқаражаты есебінен Еуропа жәнеАҚШ-тағы жоғары оқу орындарында біракадемиялық кезең бойыоқуға конкурс жарияланады. Конкурсқамемлекеттік білім беру гранты есебінен оқитын 1-2-3-курс студенттері, 1-курс магистранттары және 1-2-курс докторанттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1.Ағылшын тілін білу деңгейі «IntermediateLevel» (орташа деңгей) немесе IELTS/TOEFL тапсырғандығы туралы сертификат.
2.Орташа балл-GPA 3,3 және/немесе оқу үлгерімі 85%-дан төмен емес.

Конкурстық комиссия қарауына қажетті құжаттар тізімі:
1.Ректордың атына өтініш
2.Паспорт немесе төлқұжат көшірмесі
3.Өтілген семестрдің сынақ кітапшасы/транскрипткөшірмесі
4.Студенттің/магистранттың/докторанттың растау-анықтамасы
5.Мотивациялық хат
6.IELTS/TOEFL көшірмесі (болған жағдайда)

Конкурс ағылшын тілінен тестілеу түрінде (жазбаша тест) және тіл иесімен әңгімелесу-интервью түрінде жүргізіледі (ауызша тест).
Құжаттарды қабылдау 2018 жылдың 20қарашасымен 30қарашасы аралығында халықаралық байланыстар бөлімінде өтеді.

Мекенжайымыз: Қызылорда қ., Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, байланыс телефондары: 26-17-25

JoomShaper