«ӘЛЕМ ЗЕРТХАНАЛАРЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА» БАЙҚАУЫ

 

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры бакалавриат, магистратура студенттеріне және жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге халықаралық зертханаларда ғылыми тағылымдамадан өту үшін 17 грант конкурсын жариялайды.
2-3-ші курс студенттеріне 10 грант және бакалавриаттың, магистратураның соңғы курс студенттері мен жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкерлерге 7 грант қарастырылған.
ЕГЕР СЕН: • ҚР азаматы болсаң;
• Қазақстандық жоғары оқу орнының студенті немесе жұмыс істеп жатқан ғылыми қызметкер болсаң;
• Сенің мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық болса;
• Сен жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына PhD бағдарламасына оқуға түскің келсе;
• Сенің бұл салада ғылыми жобаларың немесе ерекше жетістіктерің бар болса;
• Сен ғылыммен айналысқың келсе және де мұны дәлелдей алсаң;
• Сенің Қазақстанда жұмыс істеуге және ғылымды дамытуға ниетің бар болса.
Онда сенің: грантты ұтып, 2019 жыл жазында ғылыми тағылымдамаға баруға мүмкіндігің бар.
Бұл үшін 2018 жылғы 5 қарашадан бастап 9 желтоқсанға дейін өтінімді толтыру және оны келесі құжаттар пакетімен бірге жіберу қажет:
• жеке куәліктің көшірмесі;
• сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессиялар);
• бакалавриатты аяқтау туралы дипломның және транскриптің бағалармен бірге көшірмесі (магистранттар мен жұмыс істеп жатқан қызметкерлер үшін);
• ғылыми жұмыстар конкурстары дипломдарының, сертификаттарының көшірмелері;
• «Менің тағылымдамам: ғылым үшін не істедім және болашақта не істеймін» тақырыбына арналған эссе;
• ғылыми жетекшінің ұсынымы;
• жоғары оқу орнының проректоры/ректорынан немесе ғылыми жетекшісінен мінездеме;
• резюме.
Өтінімді және құжаттар пакетін қордың мына электрондық мекенжайына жіберу қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Сонымен қатар біздің құжаттар пакетін алғанымызды растау үшін мына телефон бойынша хабарласыңыз: + 7 727 346 92 88.
2019 жылғы 9-қантарда біз конкурстың бірінші кезеңінің нәтижелерін және екінші кезеңге өткен үміткерлердің аты-жөнін жариялаймыз. Ал ақпан айының басында 2019 жылғы ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпаздар тізімі белгілі болады.

Ережелер

JoomShaper