«Ресурсо-энергосбергающая технология производства бетонов на основе композиционного цемента карбонатно-бариевых хвостов» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғауы туралы мәлімет.

 

Хабарландыру

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ізденуші Айменов Асқар Жамбылұлының 6D073000- «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырылымдары» мамандығы бойынша «Ресурсо-энергосбергающая технология производства бетонов на основе композиционного цемента карбонатно-бариевых хвостов» (Карбонатты-барийлі қалдықтардан жасалған композициялық цементтің негізінде бетон өндірудің ресурсты-энергия үнемдегіш технологиясы) тақырыбындағы докторлық диссертациянын қорғауы өткізіледі.
Диссертация М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырылымдары технологиясы» кафедрасында орындалған. Диссертацияны қорғау – орыс тілінде.

Ғылыми жетекшілер:
1. Сарсенбаев Бақытжан Құдайбергенұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіндегі «Құрылыс материалдары, құрылыс және сәулет» ҒЗИ – ның директоры.
2. Лесовик Валерий Станиславович – техника ғылымдарының докторы, И.Г.Шухов атындағы Белгород мемлекеттік техникалық университетінің «Құрылыс материалтануы, бұйымдары және құрастырылымдары» кафедрасының профессоры, РФ еңбек сіңірген қызметкері (Белгород қаласы, Ресей Федерациясы).

Рецензенттер:
1. Бажиров Нұрлыбек Сайфутдинұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, «Ғылыми-өндіріс ұйымы» ЖШС директоры, Шымкент қаласы.
2. Байтасов Камалбек – техника ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының доценті.
Диссертацияны қорғау 2018 ж 30 қараша күні сағат 11:00 –де Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де 6D072900 – Құрылыс және 6D073000 - Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырылымдарын өндіру мамандықтары бойынша құрылған диссертациялық кеңесінде өткізіледі. Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Абай көшесі 66, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 5-оқу ғимараты, Диссертациялық кеңес залы.

Сайт: www.korkyt.kz.

JoomShaper