«Гидротехникалық құрылыстағы майда түйіршікті бетоннан құйма конструкциялары өндірісінің технологиясы» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғауы туралы мәлімет.

 

Хабарландыру

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде философия докторы дәрежесін алу үшін ізденуші Абдикерова Улия Бактыбаевнаның 6D072900- «Құрылыс» мамандығы бойынша «Гидротехникалық құрылыстағы майда түйіршікті бетоннан құйма конструкциялары өндірісінің технологиясы» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғауы өткізіледі.
Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасында орындалған.
Диссертацияны қорғау - қазақ тілінде.
Ғылыми кеңесшілері:
1. Байтасов Камалбек – техника ғылымының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының доценті.
2. Шомантаев Асылхан Ашимович – ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының профессоры.
3. Бальзанников Михаил Иванович – техника ғылымдарының докторы, Самара мемлекеттік экономикалық университетінің «Табиғатты қорғау және гидротехникалық құрылыс» кафедрасының профессоры, (Самара қаласы, РФ).
Рецензенттер:
1. Айменов Жамбул Талхаевич – техника ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасының профессоры.
2. Инкарбеков Нурлан Омаралиевич - техника ғылымдарының кандидаты, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының профессоры.
Диссертацияны қорғау Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің 6D072900 – Құрылыс және 6D073000 - Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырылымдарын өндіру мамандықтары бойынша құрылған диссертациялық кеңесте 2018 жылы 30 қараша күні сағат 9:00–де өткізіледі. Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Абай көшесі -66, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, №5 оқу ғимараты, Диссертациялық кеңес залы.
Сайт адресі: www.korkyt.kz.

JoomShaper