«Асфальтты шайырлы парафинді шөгінділер негізіндегі сүзілуге қарсы экранды гидроизоляциялау технологиясы» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғауы туралы мәлімет.

 

Хабарландыру

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде философия докторы дәрежесін алу үшін ізденуші Әбілбек Жаңыл Әбілбекқызының 6D072900- «Құрылыс» мамандығы бойынша «Асфальтты шайырлы парафинді шөгінділер негізіндегі сүзілуге қарсы экранды гидроизоляциялау технологиясы» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғауы өткізіледі.
Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасында орындалған.
Диссертацияны қорғау - қазақ тілінде.
Ғылыми кеңесшілері:
1. Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы – техника ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының профессоры
2. Айфер Еркен – техника ғылымдарының докторы, Стамбұл Техникалық университетінің «Азаматтық құрылыс» кафедрасының профессоры (Стамбұл қаласы, Түркия).
Рецензенттер:
1. Айменов Жамбул Талхаевич - техника ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасының профессоры
2. Алдунгарова Алия Кайратовна - PhD, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Диссертацияны қорғау Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің 6D072900 – Құрылыс және 6D073000 - Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырылымдарын өндіру мамандықтары бойынша құрылған диссертациялық кеңесте 2018 жылы 30 қараша күні сағат 14:00-де өткізіледі. Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Абай көшесі - 66, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, №5 оқу ғимараты, Диссертациялық кеңес залы.
Сайт адресі: www.korkyt.kz.

JoomShaper