2018 жылғы 19 қазанда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ХVII ғ. екінші жартысы мен ХVIІI ғ. басындағы қазақ қоғамының көрнекті қайраткері Мүсірәлі Жәдікұлының тарихи тұлғасына арналған «Мүсірәлі Жәдікұлы және оның тарихи дәуір

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылғы 19 қазанда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ХVII ғ. екінші жартысы мен ХVIІI ғ. басындағы қазақ қоғамының көрнекті қайраткері Мүсірәлі Жәдікұлының тарихи тұлғасына арналған «Мүсірәлі Жәдікұлы және оның тарихи дәуірі» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өткізіледі.

Конференцияның мақсаты: Қазақстанда діни-ағартушылық ой-сананы қалыптастырып, дамытуға үлес қосқан рухани мектептердің рөлі мен діни қайраткерлер дәстүріне арналған зерттеулер нәтижелерін және ХVII ғ. екінші жартысы мен ХVIІI ғ. басындағы қазақ қоғамының көрнекті қайраткері Мүсірәлі Жәдікұлының өмір жолы мен ағартушылық қызметі туралы материалдарды ғылыми айналымға қосу.

Конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция бағдарламасына ену үшін ұйымдастыру комитетіне қатысушының тіркеу формасын және баяндаманың электронды түрін өткізу мерзімі 2018 жылғы 15 қазанға дейін.
Конференция материалдарын ғылыми жинақ түрінде баспадан шығару жоспарлануда.

Қатысу тәртібі:

Материалдардың баспадан шығуы үшін мақала келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:
1. Баяндама (мақала) мәтіні 4 парақтан кем болмауы және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылуы тиіс.
2. Кестелердің, схемалар мен суреттердің тақырыбы көрсетіліп, Wіndows-да терілген болуы қажет.
3. Парақтың параметрлері: жоғарғы - 2,5 см, төменгі - 2,5 см, оң – 2,0 см, сол -2,5 см.
4. Шрифт: Tіmes New Roman, KZ Tіmes New Roman, кегль – 12.
5. Жоларалық: 1 интервалмен.
6. Бірінші беттің сол жағына міндетті түрде ӘОЖ көрсетілуі тиіс.
7. Жаңа жол: 0,9 см.
8. Келесі жолда – ортасынан баяндама (мақала) тақырыбы бас әріптермен (қою шрифтпен).
9. Баяндаманың (мақаланың) тақырыбы астына – парақ ортасына бас әріптермен (қою шрифтпен) автор (лар)-дың тегі, аты-жөні жазылады.
10. Одан төмен жұмыс орындалған мекеменің толық атауы (қою шрифтпен).
11. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан – баяндама (мақала) мәтіні.
12. Бір қатардан кейін – Аңдатпа үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде (әрқайсысы 7-8 сөйлемнен кем болмау керек) және баяндаманың аты үш тілде.
13. Кілт сөздер (4-5 сөзден тұратын) үш тілде.
14. Қолжазбаның соңында ГОСТ 7.1-2003 талаптарына сәйкес әдебиеттер тізімі мәтін ішіндегі сілтеменің реттілігіне орай нөмірленеді. Кесте мен графикалық материалдар мақаланың мәтініне сай орналастырылады. Суреттер cdr, pdf форматтарында векторлық графикамен салынады.

Тіркеу формасы

JoomShaper