2018 жылдың 1-2 қарашасы күндері филология ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрлыбек Жүнісовтің 90 жылдығына арналған «Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылдың 1-2 қарашасы күндері филология ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрлыбек Жүнісовтің 90 жылдығына арналған «Тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
• Қазіргі қазақ жазуы мәселелері
• Қазақ тілін және тілдерді оқыту мәселелері
• Қазақ әдебиеті мен журналистикадағы көкейтестілік
• Қазақ әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері
Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Конференция форматтары мен баяндамалар ұзақтығы
Пленарлық мәжіліс: әр баяндамашыға 15 мин.
Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар:
1. Баяндаманың көлемі 10 беттен (А 4 форматы) аспауы тиіс. Беттер номірленбейді.
2. Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см.
3. Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12.
4. Қатараралық интервал - бірлік.
5. Баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН жазылады, содан соң парақтың ортасына автордың аты-жөні, тегі, жұмыс орны, адресі және электронды поштасы көрсетіледі.
6. Әдебиеттер тізімі баяндаманың соңына беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған әдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.].
7. Тақырыпқа сай келмейтін баяндамалар жинаққа қабылданбайды.
8. Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Орыс, ағылшын тіліндегі баяндамаларға қазақ тілінде түйіндеме жасалуы керек.
9. Конференция жұмысына қатысушыларға сертификат беріледі.

Тіркелу үлгісі

JoomShaper