«Өңірлік инновация офисі» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАЙҚАУ жариялайды

 

Байқау мақсаты- аймақтың инновациялық қызметін өзектендіру мен ынталандыру, әлеуметтік-маңызды міндеттерді шешу мен Қызылорда облысы халқының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған инновациялық жобаларды қолдауда бюджеттен тыс қаржыларды тарту болып табылады.
Байқау аясында Қызылорда облысының дамуына бағытталған уәкілетті орган айқындаған басым бағыттар бойынша іске асыру стратегиясы (коммерцияландыру) егжей-тегжейлі жасалған перспективалық инновациялық жобалар қарастырылады.
Инновациялық жобалардың негізгі санаттары:
Инновациялық жобалар келесі санаттар бойынша ұсынылады:
 Өнімдік инновация;
 Үдерістік инновация;
 Маркетингтік инновация;
 Ұйымдастырушылық инновация;
 Экологиялық инновация.
Байқау ұйымдастырушысының перспективалық инновациялық жобаларды сараптама жасауының мақсаты - инновациялық жобаларды қолдауда инвестицияларды іздеудеге, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер қорытындысын коммерцияландыруға, сонымен қатар, жыл сайын «ТДЖҰА» АҚ-ның, «Ғылым Қоры» АҚ-ның, ҚР БҒМ және т.б. дамыту институттарының ұйымдастыруымен өтетін ғылыми және инновациялық жобаларға қатысуға жәрдемдесу болып табылады.
Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Өтінім саны шектеусіз. Байқауға қатысу тегін.
Ұсынылатын жобалар мемлекеттік органдар мен даму институттарының ("ТДЖҰА" АҚ, "Ғылым Қоры" АҚ, ҚР БҒМ және т. б.) гранттар беру қағидаларға сәйкес келуі тиіс.
Байқауға қатысуға өтінім беру 2018 жылдың 20 қазанынан кешіктірілмей This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . электрондық поштасына жолдануы тиіс.

 

Региональный офис инноваций сообщает о возможностях принятия участия в грантовом финансировании Рамочной Программой Европейского союза «Горизонт 2020».

КАК СОЗДАТЬ КОНКУРЕНТОСПОСОБНЫЙ ПРОЕКТ

JoomShaper