Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар! Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2018-2019 оқу жылында Еуропа елдерінің университеттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты негізінде 1-семестр

 

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!


Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2018-2019 оқу жылында Еуропа елдерінің университеттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранты негізінде 1-семестр бойы оқу үшін конкурс жарияланады. Конкурсқа 2-3 курс студенттері, 2 курс магистранттары және 1-2 курс докторанттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1.  Ағылшын тілінің деңгейі «Intermediate Level» (орташа деңгейі) немесе IELTS/TOEFL тесттерін  тапсырғандығы жөнінде сертификаттың болуы;
2. Орташа балл GPA 3,3 немесе үлгерімі 85%-дан төмен емес болу керек.

Іріктеу комиссиясымен қаралатын құжаттар тізімі:

1. Ректордың атына өтініш;
2. Паспорт және жеке куәлік көшірмелері;
3. Өткен семестр/лер бойынша транскрипт көшірмесі;
4.Студент/магистрант/докторанттың оқитындығы туралы анықтамасы;
5. Қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде жазылған мотивациялық хат;
6. Шетелге шығатын студенттің анкетасы (тіркелген);
7. IELTS/TOEFL сертификатының көшірмесі (болған жағдайда).
Конкурс ағылшын тілінен жазбаша тест түрінде және әңгімелесу-интервью түрінде (ауызша тест) өткізіледі.

Құжаттар 2018 жылдың 30 сәуіріне дейін халықаралық байланыстар бөліміне өткізілу керек.
Мекен-жайы: Әйтеке би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2 қабат, 212 кабинет, байланыс телефоны: 26-17-25

 

JoomShaper