Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Корея Республикасындағы Кангвон ұлттық университетінде білім алу

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!


Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Корея Республикасындағы Кангвон ұлттық университетінде білім алу!
Кангвон ұлттық университеті 2018-2019 оқу жылында бір семестр бойы білім алу үшін студенттердің өтінімдерін қабылдайтындығын жариялайды


Қажетті құжаттар тізімі:
• Өтінім (электронды түрде формаға сәйкес толтырылады);
• Оқуға қабылдану туралы анықтама;
• Транскрипт;
• Ұсыныс хат;
• Паспорттың түрлі-түсті көшірмесі;
• Өзі туралы ақпарат және оқу жоспары (формаға сәйкес);
• Ағылшын тілі тестін тапсырғандығы туралы сертификат– TOEFL, IELTS т.б. (бар болған жағдайда);
• Корей тілі тестін тапсырғандығы туралы сертификат – TOPIK тесті (бар болған жағдайда)

Жол ақысы, жатақхана және тамақтану шығындары білім алушының өз тарапынан төленеді. Жатақхана ақысы шамамен – 360 000 тенге 1 семестрге (4 ай).
Өтінімдер 2018 жылдың 20 мамырға дейін қабылданады.
Өтінімнің электронды нұсқасын және толық ақпаратты университет сайтынан www.korkyt.kz немесе төмендегі мекен-жай бойынша алуға болады: Әйтеке Би көшесі 29-А, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың бас оқу ғимараты, халықаралық байланыстар бөлімі, 212 кеңсе, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , тел.: 26-17-25

 

Толығырақ

JoomShaper