АҚПАРАТТЫҚ ХАТ! 2018 жылдың 3-4 сәуірі аралығында, «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» 5В070800-«Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында X Республикалық пәндік олимпиаданың II-кезеңін өткізеді.

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!


Пәндік олимпиадаларды өткізудің Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен бекітілген кестесіне сәйкес, «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» 2018 жылдың 3-4 сәуірі аралығында, 5В070800-«Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында X Республикалық пәндік олимпиаданың II-кезеңін өткізеді.
Республикалық олимпиада ББМС-ның міндетті компоненттеріне кіретін 2 (екі) пән бойынша өткізіледі:
1. Мұнай және газ ісінің негіздері;
2. Мұнай өндірудің техникасы мен технологиясы.

Олимпиада екі тілде жүргізіледі: қазақ және орыс тілдерінде.
Республикалық пәндік олимпиада екі турдан тұрады:
1. Тестілеу (жоғарыда көрсетілген пәндерден);
2. Теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын жазбаша түрдегі тапсырманы орындау.

 

Толығырақ

JoomShaper