Болашақ бағдарламасы өкілімен кездесу! 2018ж. ақпан айының 21-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бас ғимаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық Стипендиясы жөнінде брифинг өтті.

 

 

Болашақ бағдарламасы өкілімен кездесу


2018ж. ақпан айының 21-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бас ғимаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық Стипендиясы жөнінде брифинг өтті. Брифингті «Халықаралық бағдарламалар орталығының» өкілі Нұрманов Алтай өткізіп, «Болашақ» Халықаралық Стипендиясы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқу шарттары мен жолдары туралы ақпарат берді, атап айтқанда магистратура, докторантура, резидентура және қызметкерлерга арналған ғылыми тағылымдама жайлы сөз қозғалды.
Аталмыш іс-шарада халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы Т.Ы.Кеншінбай мен тәрбие жұмыстары және жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы Ж.Н.Базартай сөз сөйледі.
Кездесу соңында қатысушылар бағдарлама өкіліне өздерінің қойылған сұрақтарына жауап алып, аталған бағдарламаға қатысуға ниеттерін білдірді.

 

JoomShaper