«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА-2020» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

 

 

«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА-2020» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ  

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен « "Әлемнің екінші ұстазы" атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы» жобасы аясында өткізілетін «Үздік ғылыми жоба-2020» атты облыстық ғылыми жобалар байқауының өтетіндігін хабарлаймыз! Байқауға облыс көлеміндегі мектептерден дарынды шәкірттерді қатысуға шақырамыз.
Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеті:
- оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;
- оқушылардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
Байқауға қатысуға төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:
- Физика-математикалық (секциялар:физика,математика,)
Ғылыми жобалар байқауына қатысу шарттары:
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол. Ғылыми жоба 10-15 беттен кем болмауы керек және қатысушының аты жөні, білім беру ұйымы, жетекшісі толық жазылуы тиіс. Ғылыми жобалар байқауы екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең іріктеу кезеңі сырттай өтеді. Бірінші кезең бойынша байқау материалдары электронды нұсқада қабылданады. Екінші кезеңге өткен жоба авторлары ZOOM бағдарламасы арқылы онлаин қорғалады. Екінші кезеңге шақырылған жоба авторлары ғылыми жобаны секциялар бойынша қорғаудан сынға түседі.. Екінші кезең нәтижесі бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздар жетекшілерімен бірге марапатталады. Байқау қатысушылары өзі және жетекшісі жайлы жазылған мәліметті ережедегі кесте үлгісі бойынша толтырып, ғылыми жобамен бірге 2020 жылдың мамыр айының 25-не дейін электронды This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. Байқаудың марапаттау рәсімі мамыр айының 27 - жұлдызында университет парақшасында жарияланады.

 

JoomShaper