Жоғары оқу орнына түсушілер назарына!

 

Жоғары оқу орнына түсушілер назарына!

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 2020 жылғы маусым-шілде айларында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін түсушілерден өтініштерді  қабылдайды.

Жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімдерінің өзгеруіне байланысты білім беру грантын беру конкурсына қатысуға немесе жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілерінен ұлттық біріңғай тестілеуге қатысу үшін  өтініштер қабылдау ағымдағы жылғы 15 және 30 сәуір аралығында, халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғалардан ұлттық біріңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау ағымдағы жылғы 15 сәуір және 5 мамыр аралығында жүргізілетінін хабарлаймыз.

 

Кабылдау комиссиясының мекен-жайы: 120014,  Қызылорда қаласы, Абайдаңғылы, 66.

Тел. 23-53-92

Маршруттар: №6, №5, №8, №9, №10, №11, №12, №13, №17, №18, №20, №21, №22, №31

Аялдама: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың 5-ші оқу ғимараты.

JoomShaper