Хабарландыру!

Хабарландыру

Халықаралық байланыстар бөлімі Мевлана алмасу бағдарламасы аясында 2020-2021 оқу жылына Түркия, Акдениз (Анталья қаласы) университетінде жаратылыстану, инженерлік, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мамандықтары бойынша тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдайды.
Конкурстан өткен оқытушылар күн сайын қалта шығындары үшін 55 түрік лирасын (шамамен 3 350 тенге) және жол қаражаты үшін билет бағасына байланысты 3500 түрік лирасына дейін (шамамен 213 325 тенге) ала алады.
Профессорлық-оқытушылық құрамға қажетті құжаттар:
1. Университет ректорының атына презентация жасау үшін ағылшын тіліндегі лекция тақырыбы және 2020/2021 оқу жылында барып келу мерзімі жөніндегі өтініш;
2. Паспорттың көшірмесі;
3. Онлайн және қағаз түрінде толтырылған анкета (ағылшын тілінде);
4. Ағылшын тіліндегі түйіндеме;
5. Академиялық портфолио (жарияланған мамандық бойынша басылымдамалар мен жобалар);
Қосымшада толтырылатын өтінім және ағылшын тілінде конкурстың шарттары тіркелген.
Құжаттар 2020 жылдың 2 наурызынан бастап 20-шы наурыз сағат 15:00-ге дейін халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қ., Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, байланыс телефондары: 26-17-25

JoomShaper