Хабарландыру!

Хабарландыру

Халықаралық байланыстар бөлімі Мевлана алмасу бағдарламасы аясында 2020-2021 оқу жылына Түркия, Акдениз (Анталья қаласы) университетінде жаратылыстану, инженерлік, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мамандықтары бойынша 1 семестр (4 ай) оқуға конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдайды.
Бағдарламаға 1-2-3-курс бакалавриат студенттері, 1-курс магистранттары, 1-2-курс докторанттары қатыса алады. Конкурстан өткен студенттерге ай сайын 1300 түрік лирасы (шамамен 79 235 тенге) көлемінде стипендия тағайындалады.
Білім алушыларға қажетті құжаттар:
1. Университет ректорының атына толық деректер мен электрондық поштасымен байланыстары бар өтініш;
2. Паспорттың көшірмесі;
3. Транскрипт (студенттер үшін GPA кем дегенде 4-тен 2,5 балл;
магистранттар мен докторанттарға GPA кемінде 4-тен 3 балл).
4. Онлайн және қағаз түрінде толтырылған анкета (ағылшын тілінде).
Қосымшада толтырылатын өтінім және ағылшын тілінде конкурстың шарттары тіркелген.
Құжаттар 2020 жылдың 2 наурыздан бастап 20-шы наурыз сағат 15:00-ге дейін халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады.    
Мекен-жайымыз: Қызылорда қ., Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, байланыс телефондары: 26-17-25                  

JoomShaper