Халықаралық байланыстар бөлімі Мевлана алмасу бағдарламасы аясында конкурсқа өтінімдер қабылдайды

 

Хабарландыру

Халықаралық байланыстар бөлімі Мевлана алмасу бағдарламасы аясында 2020-2021 оқу жылына Түркияның Ыгдыр университетінде бөлінген орындарға сәйкес «Экономика»-3 орын, «Тарих»-3 орын, «Дінтану»-3 орын және «Дене тәрбиесі және спорттық ғылымдар»-3 орын мамандықтар бойынша білім алу үшін конкурсқа өтінімдер қабылдайды.
Конкурсқа 1-2 курс студенттері, 1-курс магистранттары Ыгдыр университетінде 4 ай білім алу үшін қатыса алады. Конкурстан өткен студенттерге ай сайын стипендия тағайындалады.
Білім алушыларға қажетті құжаттар:
1. Университет ректорының атына толық жеке деректер мен электрондық поштасымен байланыстары бар өтініш;
2. Паспорттың көшірмесі;
3. Транскрипт (студенттер үшін GPA кем дегенде 4-тен 2,5 балл;
магистранттар мен докторанттарға GPA кемінде 4-тен 3 балл);
4. Анкета фотосуретімен;
5. Ағылшын тілін білу деңгейі туралы сертификат.
Халықаралық байланыстар бөлімі Мевлана алмасу бағдарламасы аясында 2020-2021 оқу жылына Түркияның Ыгдыр университетінде бөлінген орындарға сәйкес «Экономика»-2 орын, «Менеджмент»-2 орын, «Тарих»-2 орын, «Дінтану»-2 орын және «Дене тәрбиесі және спорттық ғылымдар»-2 орын мамандықтар бойынша 2-апталық тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін оқытушылардан өтінімдер қабылдайды.
Оқытушыларға қажетті құжаттар:
1. Университет ректорының атына толық деректері бар, ағылшын тіліндегі лекция тақырыбы және 2020/2021 оқу жылында барып келу мерзімі жөніндегі өтініш;
2. Паспорттың көшірмесі;
3. Анкета фотосуретімен;
4. Ағылшын тілін білу деңгейі туралы сертификат.
Құжаттар 2020 жылдың 27 ақпанынан бастап 12-ші наурыз сағат 17:00-ге дейін халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қ., Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, байланыс телефондары: 26-17-25

Халықаралық байланыстар бөлімі

JoomShaper