Хабарландыру!

Хабарландыру

Талапкерлерге!
Кафедраның мамандықтарға оқыту мерзімі күндізгі оқу бөлімінде - 4 жыл, дистанциялық оқыту негізінде колледж бітірушілеріне оқу мерзімі – 3 жыл, екінші жоғары білім алушыларға – 2 жыл. Талапкерлер мемлекеттік білім гранты және ақылы негізде оқуға түсе алады.
Кафедраның бағыттары: Ғылыми бағыты: «Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы», «Тұлғалық үйлесімді дамудың педагогикалық-психологиялық аспектілері»;
Қолданбалы бағыты: «Тұлғаға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету және психологиялық түзетім (психокоррекция) жасау мен кеңес беру».
Кафедрада мамандық студенттерінен құралған «Сенім» психологиялық, «Эвристика» ғылыми үйірмелер және жас мамандарға әдістемелік көмек беру мақсатында «Педагогика» және «Психология» секциялары жұмыс жасайды.
Кафедраның жоғары оқу орындарымен және өндіріспен байланысы:
• Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;
• Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті;
• Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті;
• Қазақтан психологтар Ассоциациясы;
Кафедраның өңірде 10 филиалы бар:
• Отбасы типтегі «Атамекен» балалар ауылы;
• №12, №179, №101, №140, №176, №187, №136, №120, №112 мектептер
Педагогика және психология мамандықтары бойынша оқуға түсу емтихандары бейінді география-биология пәндерінен тапсырады.
Педагогика және психология кафедрасының материалдық–техникалық базасы жоғары деңгейде жабдықталған. Атап айтсақ, кафедра жанында оқу дәрісханалары мен кабинеттері, «Өзін - өзі тану» кабинеттері, оқу және тренингтік залдар, психологиялық және «Мәңгілік Ел», «Инклюзивті білім беру» орталықтары жұмыс жасайды.
Педагогика және психология мамандығы бойынша біліктілік алған бітірушілер: жалпы білім беретін мектептерде педагог-психолог, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде педагогика және психология пәндерінің оқытушысы, білім департаменттерінде, жалпы білім беретін мектептерде, орта кәсіптік білім беру мекемелерінде, гимназия, лицей, колледж, мектептен тыс тәрбие беру мекемелерінде әдіскер, педагог-психолог, түрлі әлеуметтік-заң, әскери және медицина салаларында психолог қызметтерін атқара алады.
«Педагогика және психология» мамандығының бакалавр дәрежесін алған түлектері аталған мамандықтар бойынша университет жанындағы магистратураға, докторантураға түсуге мүмкіндік алады.
Мамандықты таңдауда Сіздерге шын жүректен сәттілік тілейміз. Сіздің біліміңізге, шығармашылық күшіңізге және мүмкіндіктеріңізге сенім білдіре отырып, Педагогика және психология мамандығында оқуға шақырамыз!

 

JoomShaper