«Concordia UK Ltd» Ұлыбритания - Ауылшаруашылық тағылымдама

Хабарландыру

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Халықаралық байланыстар бөлімі ауылшаруашылық мамандықтары бойынша оқитын қызығушылық танытатын студенттер, магистранттар мен докторанттарға Ұлыбританияның фермалары мен ауылшаруашылық кәсіпорындарында өндірістік тағылымдамадан өту үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдайды.
Тағылымдамадан өту шарттары:
1. Кәсіпорындар мен фермалардағы ауылшаруашылық өнімдерімен жұмыс: жидектер, жемістер, көкөністер және дәнді дақылдарды өсіру, жинау, өңдеу; орман және мал шаруашылығымен айналысуға байланысты.
2. Аптасына 6-күндік жұмыс жасалады, 2020 жылдың наурыз айынан қараша айы аралығында. Еңбек ақы сағатпен төленеді (шамамен сағатына 4 336 теңге). Апталық жұмыс уақыты 48 сағаттан асса үстеме еңбек ақы төленеді.
3. Жылжымалы үйде тұру ақысы аптасына бір адамға шамамен 26 252 теңгені құрайды, оның ішінде душ, кір жуғыш машиналары мен демалу жайларын және интернетті пайдалану кіреді.
4. Бағдарламаға қатысу тегін. Қатысушы өз қаражаты есебінен келесі шығындарды көтереді (Мәскеу-Лондон-Мәскеу бағыттары бойынша әуе билетін сатып алу шамамен 120 000 теңге), жұмыс визасын алу (виза құны шамамен 120 000 теңге). Сонымен қатар, қатысушыда кәсіпорынға жеткенге дейін және алғашқы уақытта жұмсайтын кем дегенде 99 000 теңге ақшасы болу керек.
5. Тағылымдамадан өту бағдарламасын Ресейдегі және ТМД елдеріндегі Конкордианың өкілеттілігі басқарады.
Өтініштер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Халықаралық байланыстар бөлімінде 2020 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, телефон: 26-17-25

 

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың
халықаралық байланыстар бөлімі.

JoomShaper