ХАБАРЛАНДЫРУ студенттердің академиялық ұтқырлығы туралы

Хабарландыру

 студенттердің академиялық ұтқырлығы туралы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің халықаралық байланыстар бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Еуропалық университеттерде оқу үшін 2020 жылға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру конкурсына құжаттар қабылдау туралы хабарлайды. Үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:

1) ҚР азаматының паспортының көшірмесі; 

2) білімі туралы куәлік: университеттің мөрімен куәландырылған ағымдағы үлгерімнің (транскрипт) көшірмесі;

3) шетел тілін білу деңгейін растайтын құжат (өтініш беруші келесі құжаттардың біреуін ұсынады: - шетел тілін білудің халықаралық жүйесі арқылы алынған сертификат (IELTS / TOEFL), бар болған жағдайда; - студентті қабылдауға шетел тіл білім деңгейі оқу үшін жеткілікті деген шетелдік жоғары оқу орнының келісім-хаты; - қазақстандық университеттің өткізген тест нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);

4) егер студент Қазақстан Республикасынан кету кезінде 18 жасқа толмаған болса, өтініш берушінің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;

5) студенттің көп балалы отбасынан шыққандығын растайтын отбасы құрамы туралы құжат;

6) студенттің ата-анасының болмауын растайтын құжат (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санатына кіретін студенттер үшін);

7) студенттің мүгедектілігін растайтын құжат, бар болған жағдайда.

Құжаттар файлдық папка түрінде халықаралық байланыстар бөлімінде 2020 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А,
бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, телефон: 26-17-25

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың
халықаралық байланыстар бөлімі.

JoomShaper