ХАБАРЛАНДЫРУ! ХАБАРЛАНДЫРУ! ХАБАРЛАНДЫРУ!

Хабарландыру

 

Құрметті бакалавриат студенттері!
Университеттің Халықаралық байланыстар бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында конкурсқа үміткерлерді іріктеу үшін ҚР БҒМ бюджетінің қаражаты есебінен 2020 жылы Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия жоғары оқу орындарында оқу үшін құжаттар қабылдайтынын хабарлайды.
Конкурсқа мемлекеттік білім беру гранты есебінен, сонымен қатар ақылы негізде оқитын 1-2-3-курс бакалавриат студенттері қатыса алады.
Іріктеу комиссиясының қарауына қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурсқа қатысу үшін ректордың атына өтініш.
2. Шетелдік паспорттың түрлі-түсті көшірмесі.
3. Оқу кезеңіндегі білім алушының сабақ үлгерімі жөніндегі транскрипт.
4. IELTS сертификаты 5 балдан төмен емес немесе оның TOEFL баламасы.
5. IELTS сертификаты жоқ студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін институционалды IELTS тесті өткізіледі.
6. Ерекше жағдайлары бар студенттер санатына қатысты куәландырылған құжаттар (жетім студенттер, мүгедек студенттер, көп балалы отбасынан шыққан студенттер).
Үміткерлерді іріктеу кезінде бірдей балл жинағандардың ішінде жетім студенттерге, мүгедек студенттерге, көп балалалы отбасылардан шыққан студенттерге артықшылықтар беріледі (тиісті құжаттарды тапсырған жағдайда).
Институционалды IELTS тесті 2019 жылдың 30 қарашасында бас оқу ғимаратында сағат 10.00-де өткізіледі.
Құжаттар (файлдық папка түрінде) 2019 жылғы 18 қараша мен 28 қараша аралығында халықаралық байланыстар бөлімінде қабылданады.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қ-сы, Әйтеке Би көшесі 29-А, бас оқу ғимараты, 2-қабат, 212-ші кабинет, байланыс телефоны: 26-17-25
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің халықаралық байланыстар бөлімі.

 

JoomShaper